Жігерлі жастар жетістікке жетті

Аталған турнирге қатысқан команда мүшелерін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарованың Алғыс хатымен, аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Оразбаев марапаттады.
Әрбір сайыс талас-тартысқа толы болды. Командалар өзара мықтыны анықтады. Жалпы командалық есепте мықты ойын көрсеткен Қазалы аудандық партия филиалының «Жанқожа» бастауыш партия ұйымы жарыс жеңімпазы атанып, 150 мың теңге қаржылай сыйлыққа және партия кубогіне ие болды. Ал 100 мың теңге қаржылай сыйлықпен Арал аудандық партия филиалының «Сарбұлақ» бастауыш ұйымы екінші орынды иеленсе, Қызылорда қалалық партия филиалының «Шаңырақ» бастауыш партия ұйымы 50 мың теңге қаржылай сыйақымен үздік үштікті қанжығалады.
«Nur Otan” партиясының 20 жылдығына орай, Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру аясында өткен жарыстың ІІ орын кубогі «Сарбұлақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ә.Әбілбаевқа табысталды.
«Толқын» ақпарат