Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» "Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалына жаңа төраға сайланды

"Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалына жаңа төраға сайланды

"Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІ конференциясында филиалдың жаңа төрағасы сайланды.

Делегаттар бұл қызметке Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетовты тағайындау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.

Сонымен қатар конференцияның күн тәртібінде ауылдық округ әкімдерін сайлау барысында "Nur Otan" партиясынан үміткерлерге дауыс беріліп, кандидатуралары аумақтық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсынылды. "Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалы алдағы сайлауда 10 ауылдық округ бойынша өз үміткерлерін ұсынды.

«Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс XXXІІ конференциясына аудандық партия филиалының 33 бастауыш партия ұйымдарынан 60 делегат, аудандық Саяси кеңес мүшелері, партиялық бақылау тобының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

---
04 шілде 2021 ж. 458 0