Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалының кезекті ХХХІ конференциясы өтті

"Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалының кезекті ХХХІ конференциясы өтті

"Nur Otan" партиясы Арал аудандық филиалының кезекті ХХХІ конференциясы болып өтті.
Конференцияны аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасы М.Ә.Оразбаев жүргізді.
«Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының кезекті XXXІ конференциясына аудандық партия филиалының 33 бастауыш партия ұйымдарынан 33 делегат сайланып, қатысты. Сонымен қатар, аудандық Саяси кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, партиялық бақылау тобының мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе, «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері бойынша партия филиалының төрағасы Мұхтар Әуесұлының баяндамасы тыңдалды.
-Кез келген партияның саяси деңгейі оның сайлауалды бағдарламасының орындалуымен бағаланады. Осы орайда, сайлауалды бағдарлама аясында "Жол картасы" жасақталып, жұмыстар басталып кетті. Саяси кеңесі мен оның бюросы мүшелерінің белсенділігінің нәтижесінде ауданда партия мүшедерінің қатары толығып, сандық та, сапалық та жағынан нығайды.
Конференцияда сөз алған аудан әкімі М. Оразбаев:
– 2019 жылы партия атынан ұсынылған қазіргі Президент Қасым Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасы және үгіт-насихат жұмыстарымен есте қалды. Сайлауалды қоғамдық штабтың белсенді әрі қарқынды түрде үздіксіз жұмыс атқаруынан Арал ауданының халқы облыс көлемінде жақсы көрсеткіш көрсетті. Ал 2020 жылы пандемия салдарынан зардап шеккен 706 отбасыға азық-түлік таратылса, 1 198 отбасыға 50 000 тг қаржылай көмек көрсетілді. –  деп атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. 
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралу барысында санитарлық талаптар қатаң түрде сақталып, тиісінше қаулылар қабылданды.

"Толқын" ақпарат 

30 сәуір 2021 ж. 469 0