Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының мәжіліс залында, аудандық филиалдың Саяси кеңесі Бюросының отырысы болып өтті. Бюро мәжілісін аудандық филиалдың төрағасы, аудан әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлы ашып жүргізді.
Бюро күн тәртібі негізінде үш мәселелені қарады.

1. Бастауыш партия ұйымдарының есеп беру – сайлау жиналыстары;
2. Аудандық қоғамдық кеңестерінің төрағалары мен құрамдарын, сонымен қатар, ережелерін бекіту;
3. «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының кезекті XXХІ есеп беру-сайлау конференциясын шақыру;
Нәтижесінде, 33 бастауыш партия ұйымдарындағы есеп беру жиналыстарының уақыты бекітіліп, қазіргі пандемиялық жағдайға сәйкес, барлық БПҰ жиналысы онлайн форматта өткізіледі.
Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттарының жоғарғы деңгейде орындалып, жүзеге асырылуын бақылау мақсатында аудан бойынша 7 қоғамдық кеңес құрылды.
1) Партиялық бақылау комиссиясының төрағалығына – Бөлекбаев Амангелді Мұхияшұлы;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағалығына– Мадинов Дауренбек Жолдасұлы;
3) Аграрлық секторды дамыту жөніндегі аудандық қоғамдық кеңес төрағалығына – Прекеев Батырхан Орымбайұлы;
4) Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау және жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау жөніндегі кеңес төрағалығына – Жангушикова Шарбану Байділдәқызы;
5) Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі және ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес төрағалығына –Махашова Саягүл Серіқызы;
6) Экология жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалығына – Махамбетова Қанағат Әбдіхалыққызы;
7) Жастарды қолдау жөніндегі кеңес төрағалығына – Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы
16 сәуір 2021 ж. 665 0