Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюро отырысы өтті

Бюро отырысы өтті

Арал аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының құрамы аудандық филиалдың Саяси кеңесі Бюросының отырысында айқындалды.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының мәжіліс залында, аудандық филиалдың Саяси кеңесі Бюросының отырысы болып өтті. Бюро мәжілісін аудандық филиалдың төрағасы, аудан әкімі Оразбаев Мұхтар Ауесұлы ашып жүргізген болатын.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 111-1 бабына, «Nur Otan партиясы» қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.8. тармағына сәйкес және 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына байланысты, «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалы» қоғамдық бірлестігі Саяси кеңесі Бюросы шешімімен 11 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, Арал аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін аудандық сайлау комиссиясына жолданды.
Жалпы, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының құрамы 54,5%-ға жаңарды. Тізімдегі 8 кандидат – праймериз жеңімпаздары, 3 кандидат Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген.

Партия Төрағасының аудандық мәслихаттағы жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жаңа құрамының 45 %-ы әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.

Негізінен аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық корпусына білім беру, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардың өкілдері енді.

Естеріңізге сала кетейік, «Nur Otan» партиясы сайлау қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының 70,34 пайыз дауысын алып, мәслихаттағы 15 мандаттың 11 иеленді.

"Толқын" ақпарат 
14 қаңтар 2021 ж. 607 0