Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезектен тыс ХХХVI конференциясы болып өтті

Кезектен тыс ХХХVI конференциясы болып өтті

"AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясы болып өтті.
Конференцияны «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қанатов Талғат ашып, жүргізіп отырды.
«AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс XXXVI конференциясына аудандық партия филиалының 33 бастауыш партия ұйымдарынан 60 делегат сайланып, қатысты. Сонымен қатар, аудандық Саяси кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, партиялық бақылау тобының мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе, «AMANAT» партиясы Саяси тұғырнамасының жобасы талқылау жөнінде болса, екінші мәселе бойынша "AMANAT" партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясына делегаттарды сайлау туралы болды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық мәслихат хатшысы Базарбай Шөменұлы сөз сөйлеп, Тұжырымдама төңірегінде ақпар берді. Одан әрі, екінші мәселе бойынша облыстық филиалдың кезектен тыс XXIX конференциясына аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері ұсынылды.

"Толқын" ақпарат
29 қыркүйек 2022 ж. 608 0