Аудандық партия филиалында фракция отырысы өтті

Фракция отырысына фракция мүшелері және БАҚ өкілдері қатысып, фракция жетекшісі Махамбетова Қанағат Әбдіхалыққызы ашып жүргізді.
Күн тәртібіне сай 4 мәселе қаралды.
1. Мектептерді күрделі жөндеу және салу барысы;
2. Күрделі жөндеу, құрылыс барысы, сондай-ақ студенттердің колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларындағы орындармен қамтамасыз етілуі;
3. Жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері;
4. Азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы;
Әр мәселе бойынша сәйкесінше бөлім қызметкерлерінің есебі тыңдалды. Сонымен қатар, әр мәселеге орай, сұрақ-жауаптар болып жан жақты талқыланды.
Фракция отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

"Толқын" ақпарат