Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Фракция отырысы өтті

Фракция отырысы өтті

Бүгін Арал аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы болып өтті. Аталған жиынды партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ашты. Отырысқа бір топ фракция мүшелері қатысты.
Фракция отырысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Арал ауданы бойынша «Жол картасын» талқылау, Арал аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасарын сайлау және Арал аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер жан-жақты қаралды. 
Басқосуда аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Рашев Төлеген Әбенұлы хабарлама жасады. Хабарламада Жол картасында көрсетілген іс-шараларға 7 бағыт бойынша жеке-жеке тоқталып өтті. Жол картасында көрсетілген Іс-шаралардың әрбір тармағының орындалуына фракция мүшелері мен мемлекеттік мекеме басшылары тікелей жауапты болып енгізілді.
Сонымен бірге Арал аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Махамбетова Қанағат Әбдіхалыққызы сөз сөйеп, Арал аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасарлығына Махашова Саягүл Серіқызын ұсынды және фракция мүшелері түгелдей қолдап дауыс берді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Арал аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын фракция мүшелері бірауыздан қолдап бекіткен болатын.
Фракция отырысында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.




"Толқын" ақпарат
15 ақпан 2021 ж. 1 431 0