Аудандық фракция мүшелері партия филиалында отырыс өткізді.

Фракция отырысының күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Рашев Төлеген Әбенұлы Арал аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 268 шешімімен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған Арал ауданының даму бағдарламасының соңғы үш жылда және биылғы жылдың 9 айы бойынша орындалуы барысы туралы жүргізілген жұмыстарды баяндап, жоспарға сай индикаторлардың орындалуларына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы, полиция майоры Дәрмағамбетов Майбек Шәкіратұлы мен аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бисембаев Рахметжан Темірұлы Арал ауданының даму бағдарламасының соңғы үш жылда және биылғы жылдың 9 айында тиесілі салалары бойынша орындалу барысын баяндады. Баяндамашыларға Төраға және фракция мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, алдағы уақытта кемшіліктерді жоюға нақты тапсырмалар берілді.
Нұр Отан партиясы Арал аудандық филиалы