Қаламы жүйрік ақынның Бас жүлдесі құтты болсын!
Әріптестік байланысымыз ағалы-інілі сыйластыққа ұласып, өмірдің өзі туған бауырдай қылып жіберген Ақтөре бауырымыз – ізімізден ерген ізетті інілеріміздің бірі де бірегейі. Ол кәсіби журналист, қаламы жүйрік ақын, белсенді депутат, айтары бар идеолог азамат… Қашан көрсеңіз де ізденістерге иек артып, жақсыларды жағалап, жақсылықты бағалап, болар істің басы-қасында жүретін ол қазір «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы қызметін атқарады. Бүгін әлеуметтік желіден ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Ақтөре Ибрагимұлының Қармақшы ауданында ұйымдастырылған жазба ақындардың облыстық деңгейдегі жыр мүшәйрасының бас жүлдесін иеленгенін көріп-біліп, жақсы хабарды қуанышпен қабылдап, ізгі тілегімді білдіруді жөн көрдім. Құтты болсын, бауырым! Бұдан да биік белестерді бағындыра бер! Шығармашылық шабыт, өрлеу мен сәттілік тілеймін!
Еркебұлан Аяғанов,
Арал аудандық мәслихатының депутатыСексеуіл кенті










