Ардақты ақынмен кездесу кеші өтті
«AMANAT» партиясының «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалының және аудандық кітапхананың бірлесе ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Қаршыға Есімсейітовамен кездесу өткізілді.Кездесуді «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы ашып жүргізді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қатира Жәленова, «Тоқтыбаев» бастауыш партия ұйымының төрайымы Жанна Сәркеева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаева, ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, кітапхана оқырмандары, «Руханият» орталығында орналасқан мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, партия мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында ақынның өлдері оқылып, оның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Сонымен қатар өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильм көрсетілді. Кездесу соңында ақынға құрмет көрсетілді.
Ардақты ақындар аудандық партия филиалы мен аудандық кітапхана ұжымына «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы аясында бірлесе ұйымдастырған кездесу кеші үшін шынайы алғыстарын айтты.
kyzylorda-news.kz










