Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС LI-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

“AMANAT” ПАРТИЯСЫ АРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС LI-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс LI конференциясы өткізілді. Конференцияның жұмысын “AMANAT” партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы ашып, жүргізді.
Конференция “AMANAT” партиясы Жарғысының 9-бөлімі, 9.6 және 9.8 тармақтарына сәйкес шақырылды. Күн тәртібіне сәйкес, конференцияға белгіленген квота бойынша аудан аумағындағы 23 бастауыш партия ұйымынан сайланған делегаттар қатысты.

Сонымен қатар конференция жұмысына “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері, жастар қанатының өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде: “AMANAT” партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXXV конференциясына делегаттар құрамын бекіту туралы мәселе қаралды.
Атқарушы хатшы Талғат Қанатов өз сөзінде партия мүшелерінің белсенділігін арттыру, халықпен тығыз байланыс орнату, сондай-ақ партиялық жобаларды тиімді жүзеге асыру бағытындағы міндеттерге тоқталды. Ол партияның ел дамуына қосып отырған үлесін, “AMANAT” партиясының қоғамдағы жетекші саяси күш ретіндегі жауапкершілігін атап өтті.

Жиын барысында делегаттар өз ұсыныстарын білдіріп, талқылаулар нәтижесінде облыстық конференцияға қатысатын делегаттар құрамы бірауыздан бекітілді.
Конференция соңында партияның белсенді мүшелеріне “AMANAT” партиясының Құрмет грамоталары табысталды.
Бұл марапаттар партия жұмысына белсене араласып, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысып жүрген азаматтарға көрсетілген лайықты құрмет болды.
@актуальное
29 қазан 2025 ж. 289 0