Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезектен тыс XL конференция өтті

Кезектен тыс XL конференция өтті

"AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс XL конференциясы болып өтті.
«AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс XL конференциясына аудандық партия филиалының 33 бастауыш партия ұйымдарынан 50 делегат сайланып, қатысты.
Сонымен қатар, аудандық Саяси кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, партиялық бақылау тобының мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне екі мәселе қойылды.
1. Бір мандатты округтер бойынша аудандық, қалалық мәслихаттарға кандидаттар ұсыну туралы;
2. “AMANAT” партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясына делегаттарды сайлау туралы.
Бірінші мәселе бойынша атқарушы хатшы Т.Қанатов баяндаған тізімге сәйкес, делегаттар дауыс берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық конференцияға қатысушылардың тізімі жасақталды.
30 қаңтар 2023 ж. 318 0