Сәуірде қанша күн демалыс бар?
Қазақстан азаматтары сәуірде қанша күн демалатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Биыл сәуір ұзақ демалыссыз өтеді. Бұл айда бірде-бір мемлекеттік мереке болмағандықтан, ел азаматтары тек сенбі және жексенбі күндері демалады.
Демалыс күндерінің саны жұмыс кестесіне байланысты:
бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 8 күн демалыс және 22 жұмыс күні болады;
алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін 4 күн демалыс және 26 жұмыс күні болады.
massaget.kz










