Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?

Астана күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?

Шілдеде қазақстандықтар Астана күніне орай бірнеше күн демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шілдеде мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай қосымша демалыс беріледі. Мереке 6 шілдеде атап өтіледі.

2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 7 шілдеге ауыстырылады.

Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) - демалыс күндері.
Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:

5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
6 және 7 шілде (жексенбі және дүйсенбі) - демалыс күндері.
Шілдеде қанша демалыс күн бар?
Биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істесе, 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
24 маусым 2025 ж. 36 0