Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Қазақстандықтар шілдеде қосымша бір күн демалады

Қазақстандықтар шілдеде қосымша бір күн демалады

2025 жылғы шілдеде қазақстандықтарда қосымша бір күн демалу мүмкінгі болады. Tengri Life бос уақытты алдын ала жоспарлап, демалыс күндерін өткізіп алмау үшін ыңғайлы күнтізбе дайындады.
2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, осыған байланысты "Мерекелер туралы" заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбі – 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтарды қатарынан үш күндік демалыс күтеді: 5, 6 және 7 шілде.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
  • 5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) – демалыс күндері.
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
  • 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
  • 6 және 7 шілде (жексенбі мен дүйсенбі) – демалыс күндері.
Tengri Life

---
15 маусым 2025 ж. 28 0