Шілдеде қазақстандықтар қалай демалады?

Шілдеде мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай қосымша демалыс беріледі. Мереке 6 шілдеде атап өтіледі.
2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.
Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін:
5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) – демалыс күндері.
Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін:
5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
6 және 7 шілде (жексенбі және дүйсенбі) – демалыс күндері.
Шілдеде қанша күн демалыс бар?
Биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істесе, 6 күн жұмыс істейтіндер 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.
syrboyi.kz
Фото: kaz.tengrinews.kz