Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсықылыш кентінде мобильдік қоғамдық қабылдау өтті

Жақсықылыш кентінде мобильдік қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін Жақсықылыш кентінде “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалы мобильді қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, аудандық мәслихат депутаты Төлебаев Ардақ Қанибайұлы және сала басшылары мен мамандары қатысты.
Қоғамдық қабылдауға кент тұрғындары қатысып, өз өтініштерін білдіріп, сұрақтарын қойды.
Мобильді қоғамдық қабылдау аясында тұрғындардың өтініштері бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.
#"АМАНАТ"
01 сәуір 2026 ж. 79 0