Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мобильді қоғамдық қабылдау "Барсакелмес" бастауыш партия ұйымында өтті

Мобильді қоғамдық қабылдау "Барсакелмес" бастауыш партия ұйымында өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының мобильді көшпелі қабылдау тобы «Барсакелмес бастауыш» партия ұйымында болып, халықтың толғандырған сауалдарына жауап берді.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, аудандық мәслихат депутаты Сауяев Айтуған Сақтапбергенұлы қатысты.
«Барсакелмес» бастауыш партия ұйымында ұйымдастырылған мобильді қабылдауда өтініштердің басым бөлігі жол, газдандыру, тұрғын үй саласына қатысты болды.
Мобильді топ өкілдері тарапынан қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындығы жеткізіліп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.
#AMANAT
31 наурыз 2025 ж. 110 0