Мобильді қоғамдық қабылдау Қызылжар елді мекенінде өтті

Кездесуге «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының және аудандық мәслихаттың төрағасы Төреахметов Базарбай Шөменұлы, Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, аудандық мәслихат депутаты Әліпов Болатбек Ғалитұлы, Арал аудандық көпбейінді орталық аурухананың басшысының орынбасары Үмбетов Қанат, Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің маманы Құдайбергенов Абзал , Мансап орталығының маманы Еркін Талғатұлы, Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрлысы бөлімінің маманы Матаев Самат қатысты.
Қызылжар елді мекенінде ұйымдастырылған мобильді қабылдауда өтініштердің басым бөлігі жол, газдандыру, денсаулық, жұмыссыздық саласына қатысты болды.
Мобильді топ өкілдері тарапынан ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындығы жеткізіліп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.

#AMANAT