Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT»: мобильді қоғамдық қабылдау Аралқұм, Ақирек ауылдарында өтті

«AMANAT»: мобильді қоғамдық қабылдау Аралқұм, Ақирек ауылдарында өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мобильді көшпелі қабылдау тобы Арал ауданына қарасты Аралқұм және Ақирек ауылдарында болып, халықтың толғандырған сауалдарына жауап берді.
Жалпы 2 елді мекенде ұйымдастырылған мобильді қабылдауға 40-қа жуық тұрғын келді. Өтініштердің басым бөлігі жол, жарықтандыру, газдандыру, денсаулық, білім, спорт, ветеринария саласына қатысты болды.

Мәселен, Аралқұм ауылының тұрғыны, Жақсыбай Алмағанбетов ауылішілік жолдарды жөндеу туралы мәселелерге шағым білдірді.

«Ауылда жолдардың сапасы нашар. Қысы-жазы жол жүру қиындық туғызады.Бүгін «АМАNAT» партиясының мобильді тобы азаматтарды қабылдап жатыр. Партияның қолдауымен жол мәселесі шешімін табады деген үмітіміз бар», – деді Жақсыбай Алмағанбетов.

Мұнан соң Ақирек ауылының тұрғыны Бимұрат Смағұлов Ақбай ауылына дәрігер қажет екенін алға тартып, мәселенің шешілуіне ықпал жасауды сұрады.

Қабылдау барысында ауыл тұрғындары тек жеке бастың емес, жалпы ауылдың проблемаларын айтты. Мобильді топ өкілдері қабылдауда көтерілген әрбір мәселені назарға алып, тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Сондай-ақ шара барысында қабылдауға келушілерге Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы утралы айтылып, ондағы халықтың әл-ауқатын арттыруға және экономиканы дамытуға бағытталған іс-шаралар жайы түсіндірілді.

syrboyi.kz
22 қыркүйек 2023 ж. 239 0