Мобильді қоғамдық қабылдау Жетес би, Бекбауыл ауылдық округтерінде жалғасты

Кездесуге «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының және аудандық мәслихаттың төрағасы Төреахметов Базарбай Шөменұлы, Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы, аудандық мәслихат депутаты Әліпов Болатбек Ғалитұлы, Арал аудандық көпбейінді орталық аурухананың басшысынң орынбасары Үмбетов Қанат, Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің маманы Құдайбергенов Абзал, Мансап орталығының маманы Еркін Талғатұлы, Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрлысы бөлімінің маманы Матаев Самат қатысты.
Жетес би ауылдық окургінің тұрғындарының өтінішінің басым бөлігі жол, жарықтандыру, газдандыру, денсаулық, жұмыс, білім саласына қатысты болды.

Ал Бекбауыл ауылдық округінің тұрғындары жер, жұмыссыздық саласына қатысты болды.
Мобильді топ өкілдері тарапынан ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындығы жеткізіліп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.
#AMANAT