Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ауыл аманаты" жобасының іске асырылуы қаралды

"Ауыл аманаты" жобасының іске асырылуы қаралды

"AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалының «Ауыл аманаты» жобасының ауданда іске асырылу барысы бойынша жұмысшы топ отырысы өтті.
Комиссия отырысында, "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында қаржыландырылған жобалардың іске асырылуы қаралды.
Ауыл халқының жағдайын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде “Арал аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары” бөлімінің басшысының орынбасары Дәрібаев Айбектің хабарламасы тыңдалды.
"Ауыл-Аманаты" жобасына бүгінгі күнге қала, кент және ауылдық округтерден қаржысы 274,95 млн. теңгенің 39 жобасы жинақталып, «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ-на тапсырылды.
Ағымдағы жылдың 29 күні сағат 9:00 де алғашқы тапсырған 12 жобаны несиелендіру мақсатында құрылған комиссияның алғашқы отырысы өткізілу жоспарлануда.
Комиссия отырысына «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Төреахметов Базарбай, атқарушы хатшысы Қанатов Талғат және аудандық мәслихат депутаты Төлебаев Ардақ қатысты.
"Толқын" ақпарат
29 тамыз 2024 ж. 144 0