"Ауыл аманаты" жобасы аясында кездесу өтті

Ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға бағытталған жобаның мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсету, ауыл тұрғындарын агробизнсеке тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешу, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру болып табылады.
Жалпы бағдарлама шеңберінде 2023-2025 жылдары аралығында әр жыл сайын еліміздің барлық облысына жобаны жүзеге асыруға арналған бюджеттік несие бөлу көзделіп отыр. Заңнамаға енгізілетін түзетулер пакеті әзірленді. Ол қаражат алу тетігін айтарлықтай жеңілдетіп, жобаны іске асырудың тиімділігін арттырады. Бұл жоба ел игілігі үшін маңызды. Кездесу соңында халыққа бағыт-бағдар беруге арналған кездесуде ұсыныс-тілектер тыңдалды.
"Толқын" ақпарат