Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ауыл аманаты" жобасының марафоны Арал ауданында басталды

"Ауыл аманаты" жобасының марафоны Арал ауданында басталды

Ауылдық округ тұрғындарын жұмыспен қамтуды ұлғайту және еңбек табысын арттыру аясында қолға алынған «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасының алға қойған міндеттерін түсіндіруге арналған мобильді топ Арал ауданына қарасты Ақирек, Қамыстыбас ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, жобаның мақсатын кеңінен түсіндірді.
Кездесуде мобильді топтың мүшелері «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасы аясында еліміздегі әрбір ауыл мен қаланың өндірісінің басым бағыттарын айқындап, географиялық ерекшеліктері, еңбек, қаржылық және басқа да ресурстары бойынша ақпараттар берді.
2,5 пайыздық жеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын лизингке беру, кооперативтерге инвестициялық субсидия беру. Сонымен қатар, тұрғындарға ауыл шаруашылығы саласының дамуына және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға ықпал ететін жобаның бірнеше ерекшеліктері атап көрсетілді.
Кездесу барысында жоба туралы толық ақпарат берген мобильді топ мүшелері ауыл азаматтарының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдап, нақты жауаптар берді. Ауыл тұрғындарының негізгі алаңдататын мәселелерінің бірі - кепілдік болды.
Көп тұрғындардың айтуынша, кәсіппен айналысқысы келетін адамдар бар, бірақ осы құжаттарды рәсімдеу, кепілдікке қойылатын мүлік мәселесі бірқатар қиындықтар туғызуда. Сонымен қатар, мал шаруашылығымен айналысу үшін жайылымдық жерлердің, судың, жем-шөптің тапшылығы да өзекті мәселелердің қатарында.
Мобильдік топ жұмысы әрі қарай Қазалы ауданында жалғасатын болады.

"Толқын" ақпарат
11 тамыз 2022 ж. 618 0