Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ауыл аманаты" елге тиімді жоба

"Ауыл аманаты" елге тиімді жоба

Кеше аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішев қала, кент және ауылдық округ әкімдерімен онлайн форматта жиын өткізді.
Басқосуда аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж. Жұбанов аталған жобаның мақсаты - ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыру үшін жеңілдетілген несие беру екендігіне тоқталып, келіп түскен ұсыныстарды толықтыру қажеттігін жеткізді.
Жиында Еркін Жұмаханұлы «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылдық жерлердегі халықтың табысын арттыру екенін тілге тиек етіп, осы бағытта жобаны тұрғындар арасында кеңінен насихаттауды тапсырды.
Атап айтар болсақ, «Ауыл Аманаты» жобасы аясында өңдеу саласына қатысты және өсімдік, мал, ауыл шаруашылығы мен басқа бағыттағы бизнес жобаларға несие беру 2,5% дан басталмақ. Жобаға ауданға қарасты қала, кент және ауылдық округтер қамтылған.
Бұған дейін жауапты сала мамандары Сексеуіл кенті, Аралқұм, Аманөткел ауылдық округтеріне барып, тұрғындармен кездесу өткізді. Жиын барысында ауыл халқы қойған сұрақтарға жауап беріп, кәсіп ашатын жандар үшін аталған жобаға қатысты нақты ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
18 сәуір 2023 ж. 444 0