Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КЕЗЕКТІ ӘКІМДІК ЖӘНЕ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ

КЕЗЕКТІ ӘКІМДІК ЖӘНЕ АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында әкімдік және аппарат жиыны өтті. Басқосуда аудан әкімі М.Оразбаев ең алдымен Қазақстан құрама сапында әмбебап жекпе-жек спорты бойынша әлем чемпионы атанған жерлестеріміздің жемісті жаңалығымен бөлісіп, ауданымыздың төл перзенттерінің айтулы жетістігі баршамызға ортақ қуаныш екендігін атап өтті.
Одан әрі күн тәртібіне көшкен аудан басшысы ең алдымен әкімдік мәжілісінде қаралатын мәселелерге тоқталды. Әкімдік мәжілісінде 2020 жылдан бастап аудандағы барлық қала, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу, 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымының өту барысы, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және Арал қаласы әкімі аппараты мен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегі орындаушылық тәртіптің жай-күйі сөз болды.
Әкімдік мәжілісінің күн тәртібіне енгізілген бірінші мәселе турасында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Т.Рашев және аудандық қаржы бөлімінің басшысы М.Көлдеевтер хабарлама жасап, келесі жылдан бастап аудандағы қала, кент, ауылдық округтерге толықтай дербес бюджет енгізілетіндігін кеңінен түсіндіріп өтті. Екінші мәселе бойынша сөз алған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильжолдары бөлімінің басшысы А.Тасқынбаев аудандағы жылу беру жұмыстарының барысын баяндаса, аудандық ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы С.Нұрғалиев агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Соңғы мәселе бойынша Арал қаласы әкімінің міндетін атқарушы Р.Жанаев және аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Тасқынбаев хабарлама жасап, орындаушылық тәртіп жөнінен аудан басшысы сынға алған мәселелерді ретке келтіретіндіктерін жеткізді. Өзекті мәселелер қаралған жиын қорытындысымен тиісті қаулылар қабылданды.
Алқалы жиын одан әрі аппарт мәжілісіне ұласып, күн тәртібінде маңызды деген үш мәселе кеңінен талқыланды. 
Аппарат мәжілісінің күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе бойынша аудандық ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы С.Нұрғалиев хабарлама жасаса, аудан әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекелерін атап өту бойынша жоспарланған мерекелік шараларға кеңінен тоқталып өтті.
Одан әрі 2020 жылғы аудан әкімінің тұрғындармен өтетін есепті кездесуін ұйымдастыру бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаев сөз алып, барлық сала басшылары мен ауданға қарасты қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне белгіленген мерзімде тиісті ақпараттарды тиянақтау қажеттігін жеткізді.
Аппарат мәжілісінің қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, аталған тапсырмалардың орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
27 қараша 2019 ж. 774 0