Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиын басында аудан басшысы ең алдымен орын алған бірқатар кадрлық өзгерістерге тоқталды.
Аппарат мәжілісінде өзекті деген төрт мәселе қаралды.Бірінші мәселе бойынша, яғни, ауданда маркетингтік зерттеуді жүргізу (скрининг) бойынша атқарылған жұмыстардың аралық есебі туралы аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов хабарлама жасап, жұмыс барысын тарқатып өтті.
Ал, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Р.Бисембаев ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарының барысы туралы баяндама жасап, жоспарланған меже бойынша атқарылған жұмыстардың жәй-күін жеткізді.
Мұнан соң, күн тәртібіндегі негізгі мәселе жөнінде, яғни, 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы турасында аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Тасқынбаев хабарлап өтті. Белгілі болғандай, жалпы 2019-2020 жылдардағы жылу беру маусымына Арал ауданы бойынша қатты отынға қажеттілік 25 000 тоннаны құрайды. Осы ретте, көмір бағасын тұрақты сақтау мақсатында, аудан әкімдігі тарапынан аудандағы негізгі көмір отынын жеткізуші кәсіпкерлермен меморандум жасалған. Бүгінге дейін жалпы ауданға 30 вагон көмір келсе, оның 18 вагоны Сексеуіл кентіне, 12 вагоны Арал қаласына жеткізілген.
Демек, отын базаларында 1000 тоннаға жуық қатты отын қоры бар. Тұрғындарға тас көмір тоннасына 12 500 теңгеден босатылуда. Ал, газдандыру жұмыстары бойынша қазіргі таңда аудан орталығындағы 33 әлеуметтік нысанның, 8-і, 184 кәсіпкерлік және әкімшілік нысандар, 5830 тұрғын үй көгілдір отынға қосылып отыр. Бұған қоса, бүгінгі күні газдандыру жұмыстары аяқталған 10 әлеуметтік нысан жылу беру маусымында көгілдір отынмен қамтылатын болады.
Одан әрі, мәжілістің күн тәртібіндегі соңғы мәселе «Алтын дән - 2019» облыстық шарасын өткізу жөнінде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Нұрғалиев хабарлама жасап, жоспар бойынша дайындық жұмыстары қолға алынғандығын атап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі тиісті орынбасарлары мен бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
02 қазан 2019 ж. 667 0