Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен 2019 жылдың алғашқы аппарат мәжілісі өткізілді. Жиын барысында аудан басшысы ең алдымен орын алған кадрлық өзгерістерді атап өтті. Сонымен қатар, өткен жылдағы аудандағы оң өзгерістер мен жетістіктерге тоқталып, алдағы уақытта да бірлесіп, жүйелі, нәтижелі жұмыс жасауға шақырды.Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Алдымен Арал ауданының экономика салаларын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасының орындалуы және 2019 жылға арналған аудандық бюджеттің қаржыландыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымының өту барысы туралы және 2019 жылға арналған Арал ауданы бойынша қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы тиісті сала басшылары хабарлама жасап, баса мән беруді қажет ететін тұстарды атап өтті.
Жиын соңында аудан әкімі орынбасарлары мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.
09 қаңтар 2019 ж. 910 0