ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ТАЛДАНДЫ
Бүгін аудан әкімінің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Байзахов баяндама жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019 жылдың 9 айдағы болжамы туралы хабарлама жасады.
Екінші мәселе 2020 жылдан бастап аудандағы барлық қала, кент, және ауылдық округ деңгейіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу мәселесіне арналып, аталған тақырып жайын да аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы талдап өтті.
Үшінші мәселе аудандағы маркетингтік зерттеуді жүргізу бойынша атқарылған жұмыстардың аралық есебі туралы аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланғаннан кейін аудан әкімі жауапты орынбасарлары мен бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Соның ішінде, орындаушылық көрсеткіштердің төмен тұстарын сынға ала отырып, салғырттыққа жол берілмейтінін, жоспарлы жұмыстар уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді қатаң ескертті.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.