Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әлемді ғылым құтқарады – IV» Ғылым айлығы басталды

«Әлемді ғылым құтқарады – IV» Ғылым айлығы басталды

Kyzylorda-news.kz Бүгін Қорқыт ата университетінде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Әлемді ғылым құтқарады – IV» ғылым айлығының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға партияның облыстық филиал төрағасы Жандос Базартай қатысыпы, қатысушыларды ғылым айлығының басталуымен құттықтады. Ол ғылымның қоғам дамуындағы рөліне тоқталып, оның елдің тұрақты дамуы мен өркендеуінің негізгі факторы екенін атап өтті.
Сонымен қатар филиал төрағасы «AMANAT» партиясының ғылым мен білім саласын дамытуға бағытталған бастамаларына назар аударып, жас ғалымдарды қолдау, ғылыми жобаларды қаржыландыру және ғылыми нәтижелерді нақты экономикаға енгізу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын жеткізді. Бұл бастамалар партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарының бірі екенін жеткізді.
Ғылым айлығы аясында экологиялық акциялар да ұйымдастырылды. Атап айтқанда, университеттің ботаникалық бағына тал егу жұмыстары жүргізілді. Бұл бастама ғылым мен табиғаттың өзара үндестігін айқындап, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Акция барысында сөз алған Қорқыт ата университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов, Инжинирингтік технологиялар білім беру бағдарламасы профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Нұрбол Аппазов мұндай шаралар жастардың ғылымға қызығушылығын арттырып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
01 сәуір 2026 ж. 73 0