Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғатты аялау – құстарды қорғаудан басталады

Табиғатты аялау – құстарды қорғаудан басталады

Бүгін Халықаралық құстар күніне орай Шығармашылық үйінде ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен өткен көрменің басты мақсаты – құстар әлемін насихаттау және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Марат Аралбаев, «Кызылординские вести» облыстық газетінің бас редакторы Ботагөз Ажарбаева, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының бас экологиялық ағарту инженері Алма Есенова және «Art studio Safi» студиясының жетекшісі Гүлзат Жұрқабаева құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Табиғатты аялау – құстарды қорғаудан басталады
Табиғатты аялау – құстарды қорғаудан басталады
Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңында қонақтар көрмені тамашалап, «Сыр медиа» ЖШС қызметімен танысты.
Табиғатты аялау – құстарды қорғаудан басталады
Табиғатты аялау – құстарды қорғаудан басталады
Айта кету керек, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында 250-ге жуық құс түрі кездеседі. Олардың ішінде 33-і Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген ерекше қорғалатын құстар қатарына жатады. Қорық Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан және бай биоалуантүрлілігімен ерекшеленеді.
Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Құстарды аялау – табиғатты сақтау жолындағы маңызды қадамдардың бірі екені тағы бір мәрте айқындалды.
02 сәуір 2026 ж. 86 0