Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзілік жойылып бара жатқан түрлер күні

Дүниежүзілік жойылып бара жатқан түрлер күні

17 мамыр - Дүниежүзілік жойылып бара жатқан түрлер күні.Бұл атаулы күн жыл сайын мамыр айының үшінші жұмасына сәйкес келеді.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері осы күнге орай экологиялық сабақ өткізді.
Іс-шара барысында тіршілік атаулы әр түрдің маңызы, оның ішінде, жойылып жара жатқан түрлерді сақтаудың өзектілігі түсіндірілді.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында 325 түр өсімдіктердің 5 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Олар: Борщов қызғалдағы, қосжарнақты қызғалдақ, Пратов көкпегі, қылқанжапырақты батпақгүл, қазақстандық қамыс.
Сүтқоректілердің 28 түрі бар, 3 түр Қызыл кітапта – түркімен құланы, қарақұйрық және шағыл мысығы. Құстардың 250 түрі кездеседі, 33 түр Қызыл кітапта. Балықтардың 22 түрі бар, 4 түр Қызыл кітапта.
А. Есенова
Барсакелмес МТҚ
экологиялық ағарту инженері

18 мамыр 2024 ж. 160 0