Барсакелмес–құландар мекені
Барсакелмес қорығы— табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.
Қазіргі кезде біздің елімізде жалпы көлемі 1 610 973 га 10 мемлекттік табиғи қорығы бар. Солардың бірі шөлді және шөлейтті аймақта орналасқан Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі бұрынғы Барсакелмес аралында орналасқан, аралдың жалпы көлемі 16795 гектар болатын. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының негізі 1929 жылы бағалы аң терісін өндіретін қорғалым ретінде қаланған. 1939 жылы Қазақ ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің №973 шешімі бойынша қорық статусы берілген.
1929 жылдан бастап 1970 жылдар аралығында 7 түрлі жануарлар: құлан, қарақұйрық, ақбөкен, қабан, қоян-толай, үй қояны, құм балпағы жерсіндіру мақсатында қорық аумағына жіберіледі. Олардың барлығы аралдың табиғи жағдайына жақсы бейімделіп, көбейе бастады.
1953 жылы Түркменстанның Бадхыз қорығынан Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа енгізілген Түркімен құландарды жерсіндіру мақсатымен қорық аумағына жіберілді. Құландар Барсакелмес қорығының табиғатына жақсы бейімделіп көбейе бастады. 1980 жылдарда құлан саны 300-ге жетті. Алайда, Арал теңізінің тартылуына байланысты негізгі суат көзі болған теңіз суының тұздылығы артты. Осыған сәйкес ғалымдар Барсакелмес құландарын еліміздің басқа өңірлеріне жерсіндіруге ұсыныс жасады. 1982 жылдан бастап құландарды басқа өңірлерге, атап айтқанда «Алтын емел» мемлекеттік ұлттық паркіне және Каспий маңына жерсіндіру жұмыстары басталды. Қазіргі таңдағы Қазақстанның аумағындағы құландар Барсакелмес қорығының құландарының ұрпақтары болып саналады.
Теңіз деңгейінің түсуі жалғасып, теңіз суы құландардың ішуіне мүлде жарамай қалды. Жақсы жайылымдар мен суаттар іздеген тұяқты жануарлар Қасқақұлан, Тоқпан, Ұзынқайыр, Ахат, Бегімана, Төртқопақ аумақтарына қоныстанды. Осыған орай аталған өңірлерді қорыққа қосу қажеттілігі туындады.
2005 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасының Үкіметінің №1162 санды қаулысы бойынша Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының территориясы 16795 гектардан 160826 гектарға көбейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі №484 қаулысына сәйкес Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының көлемі Сырдария өзенінің Кіші Арал теңізіне құяр сағасындағы «Дельта» учаскесін (2300 га) қосу арқылы ұлғайды, қорықтың жалпы аумағы 163 126 га. Сырдария өзенінің құяр сағасы Қазақстанның сулы-батпақты өңірлерінің ішінде маңыздылығы бойынша 4 орынды алып отыр және де ол биоәркелкелігімен ерекшеленеді. Бұл аумақ 2012 жылы Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзенінің құяр сағасы Халықаралық Рамсар конвенциясымен қорғалатын сулы-батпақты өңірлер тізіміне енген.
Қазіргі таңда Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының жалпы көлемі 163126 гектар. Қорық үш кластерлік учаскеден құралған:
«Барсакелмес» учаскесі бұрынғы Барсакелмес аралы және оған жалғас жатқан Арал теңізінің кепкен табанын алып жатыр, көлемі 50884 га. Бұл учаске 3 бақылау-шолу аумағынан тұрады.
«Қасқақұлан» учаскесіне Арал теңізінің бұрынғы шығыс жағалауы және аралдары кіреді, көлемі 109942 га. Бұл учаске 7 бақылау – шолу аймағынан тұрады. Мұнда қорықтың негізгі қорғауға алынған түрі – құландардың мекен ету аймағы және сексеуілдің табиғи үлкен тоғайы бар.
«Дельта» учаскесі, Сырдария өзенінің Кіші Арал теңізіне құяр сағасында жыл құстарының мекен ететін орны ретіндегі сулы – батпақты өңір. Көлемі 2300га. Бұл учаске 1 бақылау-шолу аймағынан тұрады.
Қорықтың күзет қызметін күзет бөлімнің басшысымен бірге 15 мемлекеттік инспекторлар атқарады.
Қорық директоры немесе күзет бөлімінің бастығының басшылықтарымен мемлекеттік инспекторлар рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, жыл бойы қатаң бақылау шолу жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, күзет бөлімі мекеменің ғылым, ақпарат, мониторинг, экологиялық ағарту және экотуризм бөлімімен бірігіп жануарлар мен өсімдіктердің көктемгі және күзгі санақтарын, қысқы айларда тұяқты жануарларды қосымша жемдеу бойынша биотехникалық іс-шаралар, экологиялық іс-шаралар және үгіт-насихаттар жүргізеді.
Ғылым бөлімінің жұмысын 4 қызметкер атқарады.
Ғылым, ақпарат, мониторинг,экологиялық ағарту және экотуризм бөлімі 2022-2026 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары негізінде 5 бағыт бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Негізгі ғылыми жұмыстар:
1. «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша Барсакелмес МТҚ табиғат кешенінде жүріп жатқан құбылыстар мен процестерді бақылау.
2. Барсакелмес қорығы аумағында құмды-шаңды дауылдар мен құм тасымалын бақылау.
3. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қосмекенділері мен бауырымен жорғалаушылары: қазіргі таңғы құбылмалы климаттық жағдайлары, экологиясы, мониторингі.
4. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы Қызыл кітапқа енгізілген құстар мониторингі.
5. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы құландардың популяциясы және олардың жай-күйі.
Сонымен қатар, ғылым бөлімі жергілікті тұрғындар арасында үгіт-насихат, экологиялық іс-шаралар, студенттерді тәжірибеден өткізу, қазақстандық және шетелдік ғалымдармен ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізу, ғылыми және танымдық мақалалар, фото- және видео-мәліметтер жинақтаумен айналысады.
2016 жылдың 19 наурызында ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағадарламасы бағыттаушы кеңесінің 28-ші сессиясы шешімімен Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы РММ-і негізінде құрылған Барсакелмес биосфералық резерваты ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының Әлемдік жүйесіне енді (сертификаты қосымшада). Бұл Қазақстандағы ЮНЕСКО мойындаған 6-шы биосфералық резерват болып табылады.
ЮНЕСКО-ның Барсакелмес биосфералық резерваты – Тұран шөлейттерінің солтүстік және орташа аймақшалық типіне кіретін экожүйелерді қорғайтын Еуразиядағы бірден-бір қорық. «Барсакелмес» учаскесінің ұзақ уақыт бойы арал ретінде шектеуленуі өсімдіктер қауымдастығының толыққанды флористикалық құрамы және экологиялық жағдайлардың табиғи балансы, тұрақты құрылымымен өзінің антропогендік-аналогтарынан ерекшеленетін түпкілікті экожүйелерінің байырғы қалпында сақталуына септігін тигізді.
2020 жылдың 23 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің үздік инспекторлары, орманшылары мен табиғат қорғаушыларына орман шаруашылығы және жанарлар дүниесі саласындағы «Елім-ай» арнайы сыйлығы тапсырылды. «Елім-ай» сыйлығы – Қазақстан Республикасы президентімен бекітілген табиғат қорғаушыларына арналған алғашқы сыйлығы. Сыйлық 16 номинация бойынша ұсынылды. Ең үздік қорық номинациясында «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі танылды.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасындағы «Парктер шеруі -2022» халықаралық табиғат қорғау акциясы республикалық байқауының қорытындысы бойынша ІІ орынды алып, Құрмет дипломымен марапатталды.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығына «Тұран шөлдері» номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның Әлемдік табиғи және мәдени мұра мәртебесін беру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының жануарлар дүниесі өте алуан түрлі. Омыртқасыздар әлемі өкілдері өте көп, тек насекомдардың (1 күндіктер, инеліктер, таракандар, таяқшалылар, айырқұйрықтылар, тікқанттылар, теңқанаттылар, қаттықанаттылар, қабыршаққанаттылар, жарғаққанаттылар, қосқанаттылар) өзінің 12 отрядтан 2000 –дай түрі кездеседі. Тек қоңыздардың өзінің 12 тұқымдасының 400 түрі анықталған. Қорықта насекомдардың Қызыл кітаптық түрлерінен арал жіңішке құйрық инелігі және әмірші инелік кездеседі.
Қосмекенділердің екі түрі кең таралған – жасыл құрбақа мен көлбақа. Бауырымен жорғалаушылардың 12 түрі белгілі. Құмды шөл – ең бай жер, одан кейін сазды, тасты-шағыл тасты, ең кедей жер - сор. Тек қана құмда тарақ саусақты жармасқы, құлақты бат-бат, бұлан-құйрық бат-бат, орташа және жолақ кесіртке мекендейді. Жалтырауық жармасқы мен құм айдаһаршасы басқа биотоптарда да кездеседі. Тақыр бат-баты, түрлі-түсті кесіртке, қалқан тұмсық жылан көбіне сазды шөлдерде мекендейді. Барлық дерлік шөл түрлеріне ортаазиялық тасбақасы, бұғақты ешкемер, шапшаң кесіртке, оқ жылан тән. Қорықта ең саны көп - кесірткелер, тақыр бат-баты, бұғақты ешкемер және түрлі-түсті кесіртке болып табылады.
Қорықтағы өзекті өсімдіктер флорасына 60 тұқымдас 191 туыстың 325 түрі жатады. Барсакелместе 253 түр, ал Қасқақұланда 101 түр, Дельтада 112 түр тіркелген. Қазақстанның эндемик түрлері – 16. Қызыл кітапқа енгізілген түрлер – 5. Олар: Борщов қызғалдағы, Пратов көкпегі, Қосжарнақты қызғалдақ, Қылқанжапырақты батпақгүл, Қазақстандық қамыс.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының орман қоры 56 216 гектар. Орман қорының негізі сексеуіл тоғайларынан тұрады.
Сүтқоректілер фаунасы едәуір көп түрлі – 28 түр. Оның үшеуі – құлан, қарақұйрық, шағыл мысығы Қызыл кітапқа енгізілген. Шөл түрлері: қарсақ, құм қояны, қосаяқ, зорман, сұр атжалман, қалқанқұлақты кірпі көп кездеседі. Сонымен қатар, қасқыр мен түлкі көп таралған.
Қорықта жылдың әр-түрлі мезгілінде 250 түр құстар мекен етеді немесе ұшып өтеді. Оның 33 түрі Қызыл кітапқа енгізілген, 17 түр индикаторлық болып табылады. Қызыл кітапқа енгізілген түрлер: бұйра бірқазан, кіші аққұтан, сары құтан, сұр тырна, бидайық, қарабас өгіз шағала, сұңқылдақ аққу, жыланшы бүркіт, дала қыраны, қарақұс, джек-дуадақ, жәй дуадақ, тарғақ ақбауыр және қарабауыр бұлдырықтар, үкі, қоқиқаз, қарабай, мәр-мәр шүрегей, ақкөз сүңгуір, жалбағай безгелдек, ителгі, қылқұйрық бұлдырық кездеседі.
Арал теңізі бассейнінде Қызыл кітапқа енгізілген – тасбекіре, аралдық қаяз, түркістандық қаяз және шатқалдық подкаменщик – 4 түр кездеседі.
Индикаторлық түрлерге Abramis brama (Linneaus) ақтабан балығы жатады. Ол ең көп таралған жергілікті түр болып табылады.
Арал (Кіші) теңізінің кәсіптік ихтиофаунасында балықтардың 18 түрі берілген.
Негізгі кәсіптік түрлер – ақтабан, ақбалық, сазан, қылышбалық, аралдық торта балық, көксерке мен глосс камбаласы болып табылады.
Қорық аумағында мекен ететін жабайы жануарлар мен құстарға көктем және күз айларында санақ жұмыстары жүргізіледі. Санақ жұмыстары көзбен көру және іздерді санау арқылы жүзеге асырылады.