Барсакелмес қорығы ЮНЕСКО-ның Әлемдік және мәдени мұра тізіміне енбек

Сондай-ақ Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының Арал қаласындағы кеңсесінде қорытынды жиын өткізіп, қорық ұжымымен кездесті.Кездесуге Арал аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Т. Бекболов, «Арал әйелдері» ҚБ-нің төрайымы Б.Жүгінісова, «Арал қаласы бойынша мүмкіндіктері шектеулі мүгедектерді қорғау және қолдау» ҚБ-нің мүшесі Қ.Аяпов қонақ ретінде қатысты.

Кездесу барысында Барсакелмес қорығының бас директоры Х. Қаниев қонақтарға қорықтың жұмыс атқарған жұмыстары туралы түсіндіріп өтті. Сондай-ақ биосфералық резерват жөніндегі бірнеше мәселелер талқыланды. Алдағы уақытта қажетті құжаттамалар әзірленіп Барсакелмес қорығы ЮНЕСКО-ның Әлемдік және мәдени мұра тізіміне ұсынылатын болады.