Қорықшылар Жолдауды қолдайды

Жиынға Барсакелмес қорығының қызметкерлері, 260 орта мектебінің ұстаздар және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – Жолдауда айтылған нақты қадамдарды халық арасында түсіндіру, насихаттау болып табылады.
Жиын барысында «Барсакелмес» бастауыш партия ұйымының төрағасы А.С. Сауяев Жолдаудағы бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Атап айтсақ: бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылады, ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың есепшотына жиналады, әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендетіледі, ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өседі. Және де Мемлекет басшысы оқушылардың сапалы білім алуы мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын ұсынды. Бұл жоба білім саласының қызметкерлері үшін өте қуанышты жаңалық болды. Себебі әр оқушының жайлы жағдайда білім алуы біз үшін маңызды.
«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры Х. Қаниев Жолдауда айтылған бағыттардың дұрыстығына тоқталып, әрбір азамат мемлекет дамуындағы өз жауапкершілігін сезініп, ел дамуы үшін қызмет жасауға шақырды.
Фатима Әнесова
Барсакелмес қорығының қызметкері