Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұжым болып Жолдауға қолдау білдірді

Ұжым болып Жолдауға қолдау білдірді

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Осыған орай «Сексеуіл» бастауыш партия ұйымында Жолдау талқыланды.

Жолдауда айтылған міндеттер мен берілген тапсырмалар әсіресе әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас болатындығына және бала күтімі үшін төленетін төлемді 1,5 жасқа дейін ұзарту, Ұлттық қордағы қаржының 50%-ы 18 жасқа дейінгі балалардың есепшотына аудару тапсырмасы берілгендігіне аналар ерекше қуанатындығын айтты.
Себебі, мұның бәрі халыққа жасалып отырған үлкен қолдау. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы мазмұны жағынан бұрынғылардан ерекше. Жолдауда нақты міндеттер мен мақсаттар белгіленді. Яғни, ең алдымен құжатта адам мен оның мүддесіне басымдық берілген. Демек, Жолдау бәрінен бұрын қарапайым азаматтардың мүддесін көздейді. Атап айтқанда, құжатта басты талап ретінде халықтың табысына маңыз берілді. Ең төменгі жалақының 70 мың болып артатынына да ризашлылық танытып отыр. Түптеп келгенде, бұл Жолдауда қарапайым азаматтардың жағдайын жақсарту жайы қарастырылған.

Жиын қорытындысы бойынша аманаттықтар халықты ел бірлігін нығайтып, Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыруда аянбай еңбек етуге шақырды. Сонымен бірге ұжым қызметкерлері Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына негізгі бағыттарын талқылап, бірауыздан қолдау білдірді. 

Күлзипа ЗДЕНОВА
05 қыркүйек 2022 ж. 627 0