Ел Президентінің Жолдауы қоғамда ерекше серпіліс тудырады

Жиында: Президент бұл жолдаудың маңызды екенін атап өтті. Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев: "Өздеріңізбен бірге «Жаңа Қазақстанды» құруға кірістік Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі 1 жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік» – деді.
– Президент Жолдауында əлеуметтік-экономикалық жəне отбасылық қатынастар саласындағы мəселелер жауапты мемлекеттік органдар мен жауапты лауазымды тұлғалар жұмысының тиімділігімен бағаланады деп көрсетті. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы жаңа Қазақстанды құрудағы ең реформалы кезеңі болады деп есептеймін. Біздің ендігі міндетіміз осы Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету болмақ. – деді өз сөзінде аудандық мәслихат депутаты, “Қарақұм” БПҰ төрайымы Шарбану Жангүшікова.