Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының активі Президент Жолдауын талқылады

«AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының активі Президент Жолдауын талқылады

Жиынға аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Серік Сермағамбетов қатысты.
Актив отырысын филиал төрағасы Серік Сағитжанұлы ашып, Мемлекет басшысының жолдаудағы 10 реформасын кеңінен түсіндіріп, алдағы жасалатын жұмыстарға тоқталды.
"Бұл Жолдаудың ауқымы кең, мән-маңызы айрықша, мазмұны да бөлек болды. Халықтың соңғы оқиғалардан кейін Мемлекет басшысынан ауқымды және нәтижелі саяси реформалар күткені анық. Күні кеше көкейге қонымды нақты 10 бағыттан қамтылған жолдауы болды. Жолдаудағы саяси реформалардың барлық бағыттары Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне өзгеріс әкелетініне сеніміміз мол. Жаңа Қазақстанды құруда партияға үлкен жауапкершілік пен міндеттер тұр. Халық игілігі жолындағы жұмыстары бұрынғыдан қарқындылығы артатын болады" – деді аудан әкімі.
Алқалы жиын барысында партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Амангелді Бөлекбаев, аудандық мәслихат депутаты Саягүл Махашева сөз алып, жолдау аясында өз пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында аудан басшысы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, ел бірлігін нығайтып, Жаңа Қазақстанды құру – бәрімізге ортақ міндет». Біздің басты мақсатымыз – халықтың мүддесін қорғау және адамдарға лайықты жағдай жасау, оның құқықтары мен еркіндігін қорғау, жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету керек.
Бүгінгі жиынға қатысқан әрқайсыңызды Жаңа Қазақстанды құру бойынша еліміздің табысты дамуына бағытталған міндеттерді онан әрі де бірлесе де белсенді атқаруға шақырамын деп актив отырысын қорытындылады.




18 наурыз 2022 ж. 691 0