Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

ЖОЛДАУ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауы бизнес өкілдері үшін жағымды жаңалықтарға толы болды.
Жолдауда еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуы үшін қажетті барлық мәселелер көтерілді. Әсіресе пандемия уақытында маңызы артқан медицина, білім беру, ІТ салаларын дамытудың жолдарына екпін берілді. Соның ішінде пандемия салдарынан дамуы тежелген кәсіпкерлік саласын қолдау күшейе түсті.
Атап айтқанда, шағын және орта бизнестің түгелімен несиелерін субсидияландыру мәселесі. Яғни, кәсіпкерлерге 6 пайызға дейін несиені арзандату деген үлкен қолдау.
Жолдауда: «Қайталап айтамын: мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі келтіру мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керек. Кәсіпкерлер шенеуніктер тарапынан заңсыз қысым көрсе, бірден прокуратура органдарына жүгінгені жөн.
Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа қана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолдауды күшейту керек», деп ел Президентінің бастырмалатып айтуы кәсіпкерлердің көкейінде жүрген жайттар болатын.
Жолдау бізге осынысымен де құнды және ел кәсіпкерлері үшін тиімді. Мемлекет басшысының Жолдауда Үкіметке берген тапсырмасы - экономикамен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін аса маңызды.
Жалпы Жолдауда ел экономикасын және халықтың әл-әуқатын одан әрі жақсарту бойынша жаңалықтар өте көп болды. Енді сол алға қойған міндеттерді бірге жүзеге асыруымыз ғана керек. Ең бастысы қолдау бар. Тек нәтижелі жұмыс жасауымыз қажет.
Темір Бисенбаев
Қызылорда облыстық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі
Арал аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы
04 қыркүйек 2020 ж. 681 0