Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау жауапкершілік жүктейді

Жолдау жауапкершілік жүктейді

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты ел Президентінің Жолдауын насихаттау мақсатында ақпараттық - насихаттық топ әйелдер қауымымен кездесті.
Жиынды ақпараттық - насихаттық топ мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Махамбетова Қанағат ашып жүргізді.
"Білім күнімен қатар келген жолдауында Мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды.
Бұдан өзге жолдауында бірқатар мәселе көтеріп, үкіметке түрлі тапсырма берді. Президент Жолдауынан:
1. Ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өседі;
2. Бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылады;
3.Ұлттық қор табысының 50 пайызы балалардың есепшотына жиналады;
4.Әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейді, деп Қ.Махамбетова Жолдауда көрсетілген бірқатар мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар, бұл өзгерістер әйелдер қауымы үшін жақсы жаңалық болғаны сөзсіз.
Өткен кездесуде нәзік жандылар тарапынан Жолдау бойынша сұрақтар қойылып, пікір алмасты.

"Толқын" ақпарат
26 қыркүйек 2022 ж. 386 0