Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау партияға да айрықша жауапкершілік пен міндет жүктейді

Жолдау партияға да айрықша жауапкершілік пен міндет жүктейді

«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының активі Президент Жолдауын талқылады. Алқалы жиынды қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев ашып, жүргізіп отырды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнап, ол бүгінде барша қазақстандықтардың ықыласымен талқылануда. Жолдауда Президент халқымыздың биылғы өткен жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдағанын атап өтіп, Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадамдарға тоқталды. Елімізді онан әрі дамыту үшін негізгі 5 бағдарды атап өтіп, осы бағдарларға қатысты атқарылатын жұмыстарды жүйелеп, экономикалық-әлеуметтік дамудың тетіктері мен жасалатын нақты істерге тоқталды. Өз кезегінде Жаңа Қазақстанды құру мен жаңғыру жолына бағыттайтын жаңа Жолдау партияға да айрықша жауапкершілік пен үлкен міндет жүктейді. Бұл тұрғыда жаңару үстіндегі «AMANAT» партиясы да Мемлекет басшысының барлық бастамаларын толық қолдайды және ұсыныстарына ұйытқы бола отырып, оларды іске асыруға белсенді қатысатын болады»,-деді Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы.
Актив отырысында Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша облыстың аграрлық әлеуеті және Жолдаудан туындайтын міндеттер туралы қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссияның төрағасы Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы сөз алып, партияның қазіргі қоғамдағы саяси бәсекелестікте алда болатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ жиында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, «Шипагер» бастауыш партия ұйымының төрағасы Амитов Нуридин Егенбердіұлы, қалалық мәслихат депутаты, партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның төрайымы Мұсабаева Айгүл Нажмадинқызы, «Жастар Рухы» жастар қанаты Қызылорда қалалық филиалының төрағасы Серікбай Нұрбол Нұрланұлы пікірлерін білдірді.
Актив отырысының соңында, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында алдағы уақытта жүзеге асуы тиіс маңызды міндеттердің көрініс тапқанын айтып, Жолдауда берілген басым-бағыттарды орындауға жұмыла кірісіп, сапалы жұмыс жасауға шақырды.

kyzylorda-news.kz
06 қыркүйек 2022 ж. 481 0