«Октябрь» бастауыш партия ұйымында Жолдау талқыланды

Күзгі Жолдаудан елімізде көптеген оң өзгерістің болатындығы байқалады. Ең төменгі жалақының өсуі, бала күтіміне байланысты жәрдемақының бір жарым жылға дейін төленуі, балабақша қызметкерлері мен мектеп мұғалімдерінің жалақысын арттыру мәселесі халықтың ойынан шықты.
Жолдауда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынған жаңа бастамаларын толықтай қолдай отырып, Жолдауда қойылған мақсат-міндеттердің жүзеге асуына өз үлестерін қосатындығын бастауыш партия мүшелері жеткізді.
