Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "30 күн ойын, 40 күн тойын өткіздік": Жанболат пен Жазира ұлдарына тағы бір той жасады

"30 күн ойын, 40 күн тойын өткіздік": Жанболат пен Жазира ұлдарына тағы бір той жасады

Танымал әншілер Жанболат пен Жазира ұлдарына тағы бір той жасап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында тойдың видеосын бөлісті. Ол жазбасында туған жерлеріне Аралға барып, елді мекендегі туғандарына той өткізгенін жазған.

“30 күн ойын, 40 күн той берекенің, қуаныштың белгісі ғой. Аллаға шүкір, Аралға, туған жерге келіп, үлкендердің батасын алып, туысқан, жек-жат, көрші, достармен бірге әдемі той өткіздік. Баршаңызға үлкен рақмет! Алла әр шаңыраққа қуаныш, береке, молшылық нәсіп етсін”, – деп жазды ол.

Фото: stan.kz
07 сәуір 2026 ж. 93 0