Өнер жұлдыздары барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтап жатыр
9 Мамыр - Ұлы Жеңіс күні. Өнер жұлдыздары қантөгіспен келген жеңіс күнімен барша қазақстандықтарды құттықтасып жатыр. Елге тыныштық, бейбіт өмір тіледі.
"Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз! Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп, алғыс білдіреміз! 9 Мамыр Жеңіс күні құтты болсын!", - деді Қарақат Әбілдина.
"9 мамыр. ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ құтты болсын! Бұл батыр ата-апаларымыздың ауыр еңбекпен, жанқиярлық ерліктерімен келген қасиетті мереке. Келешек ұрпақ үшін сұрапыл соғыстың ауырлығын көтеріп, бізге бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлеріміз аман болғай! Әрдайым көк аспанымызда бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің туы желбірей берсін!", - деді Гаухар Әлімбекова.
"Ассалаумағалейкум, бауырларым! 9 Мамыр жеңіс күні құтты болсын! Баршамыздың аталарымыз қан майданда отан қорғап, отқа күйді. Қарыздармыз! Жолда бір әңгіме оқып едім, жаза кетейін. "Жұмыстан келе жатсам, метроның жанында бір ақсақал отыр. Алдындағы жаймада күллі орден - медалі жатыр. Сатып, күн көрісін жасап отырған түрі. Жанына келдім де, қалтамдағы бар ақшамды жаймасының үстіне төге салдым. "Менің ақшамды алыңыз. Бірақ арыңыз бен ерлігіңіздің қадіріне жетпейтін адамдарға орденді сатпаңызшы!" - дедім. Ардагер көзіне жас алды. Ақшамды қалтасына салды да, ордендерін жинады. "Рахмет, балам!" - деді. Осындай сәтте бүкіл әлемді өзгертіп жіберетіндей боп кетем" - депті. Ол, рас! Өзгерісті өзімізден бастайық! Мереке құтты болсын!", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов парақшасында.
http://stan.kz