Мұнай бағасы күрт өсіп кетті
АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын қоршауға алу туралы мәлімдемесінен кейін әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр. Brent маркалы мұнайдың құны қайтадан барреліне 100 доллардан асты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Лондон ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің құны 7,27 пайызға өсіп, барреліне 102 доллардан асты.
WTI маркалы мұнайдың көктемгі фьючерстерінің құны 8,55 пайызға өсіп, барреліне 104,83 доллар болды.
Айта кетейік, сенбіде, 11 сәуірде Иран мен АҚШ Исламабадта келіссөздерді бастаған болатын. Алайда жексенбі күні таңертең АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс уағдаластыққа қол жеткізу мүмкін болмағанын мәлімдеді. Келіссөз ұзаққа созылғанымен, нәтижесіз аяқталып, америкалық делегация еліне қайтты.
Сол күні Дональд Трамп АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтпек болған кемелерді бұғаттауды бастайтынын мәлімдеді.
Фото: depositphotos.com








