Шахановтың соңғы аманаты орындалмады: Ақынның қайда жерленетіні белгілі болды
Фото: Әдебиет порталы/Әйгерім БЕГІМБЕТМұхтар Шаханов «Кеңсайға» жерленетін болды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ақынмен қоштасу рәсімі 21 сәуірде сағат 09.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында болады.
Жерлеу рәсімі сол күні сағат 11.30-да «Кеңсай-2» зиратында болады.
Шаханов тірі кезінде өзін Отырарда, Арыстан баб кесенесінің маңына жерлеуді сұраған.
Бұл жайында ақынның жары Президентке хат жолдап, соңғы аманатын жеткізген еді.
syrboyi.kz








