Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Аралтұз» жұмысшыларына 100 мың теңгеден берілді

«Аралтұз» жұмысшыларына 100 мың теңгеден берілді

Kyzylorda-news.kz «Аралтұз» АҚ өндірістік бөлімшелерінің қызметкерлері компанияның 100 жылдығына орай 100 мың теңгеден біржолғы сыйақы алды. Төлем өндірістің негізгі кезеңдерінде жұмыс істейтін қызметкерлерге – шикізат өндіруден бастап дайын өнімді қаптауға дейінгі процестерге қатысушыларға берілді.
Мерейтой компания үшін ғана емес, онда еңбек ететін адамдардың еңбегін бағалауға мүмкіндік берген маңызды дата болды. Бүгінде «Аралтұз» – Қазақстандағы ең ірі тұз өндірушілердің бірі және Қызылорда облысындағы маңызды кәсіпорындардың қатарында.
Компания президенті Нұрлан Айтқазин бұл шешім қызметкерлерге деген алғыс белгісі екенін атап өтті.
«Біз үшін 100 жылдық – жай ғана дата емес. Бұл – адамдардың еңбегімен қалыптасқан тарих. Сондықтан әр қызметкер бұл мерейтойды өз деңгейінде сезінгенін қалаймыз», – деді ол.
Компанияда қызметкерлерді қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұған дейін жалақы көтеріліп, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша бірқатар шаралар қолға алынған.
Айта кетейік, «Аралтұз» кәсіпорны 1925 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда мұнда мыңнан астам адам еңбек етеді, олардың көпшілігі – Арал өңірінің тұрғындары.
24 сәуір 2026 ж. 33 0