Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-2026-да ең жоғары балл қанша?

ҰБТ-2026-да ең жоғары балл қанша?

Негізгі ҰБТ-ның алғашқы нәтижелері жарияланды. Орташа балл, ереже бұзғандар саны мен ең жоғары көрсеткіш көпті таңғалдырды.
Негізгі ҰБТ-2026 басталғалы бері тестілеу 41 мыңнан астам рет тапсырылды.

Талапкерлердің 67%-ы тесті қазақ тілінде тапсырса, үштен бірі орыс тілін таңдаған. Ал 103 адам ағылшын тілінде тест тапсырған.

Бес пән бойынша орташа балл 58-ді құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл. Қатысушылардың 57%-ы шекті межеден өткен.

Тестілеуге ерекше білім беру қажеттілігі бар 134 талапкер қатысып, олар үшін арнайы жағдай жасалды.

Алғашқы аптада 86 заңбұзушылық тіркелді. Оның ішінде 46 адам смартфон, микроқұлаққап, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін аудиториядан шығарылды. Тағы 40 адамның емтихан кезіндегі ереже бұзғаны анықталып, нәтижелері жойылды.
Фото: baq.kz
Тестілеуге өзге адамның қатысу дерегі тіркелмеген. Бірыңғай ұлттық тестілеу аяқталғаннан кейін барлық бейнежазба 31 қазанға дейін қосымша тексеріледі.

Айта кетейік, ҰБТ-2026-ға шамамен 240 мың талапкер өтініш берген. Екі мүмкіндік есепке алынғанда, тапсырылған өтініш саны 446 мыңнан асты.

18 мамыр 2026 ж. 110 0