Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 286 музей жұмыс істейді

Қазақстанда 286 музей жұмыс істейді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музей саласының қызметкерлерін Халықаралық музейлер күнімен құттықтады.

«Бүгінде Қазақстанның музей саласы – ауқымды әрі қарқынды дамып келе жатқан жүйе. Елімізде 286 музей жұмыс істейді. Олардың қорында 4,5 миллионнан астам жәдігер сақталған, ал музейлерге жыл сайын 6,5 млн-нан астам адам келеді. Бүгінде музейлер ғылыми-зерттеу, білім беру және ағартушылық бағыттағы заманауи орталықтарға айналып келеді. Тек өткен жылдың өзінде республикалық музейлер 1,5 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырды. Оның ішінде 187 көрме өтіп, оларды 800 мыңға жуық адам тамашалады», - делінген құттықтауда.

Сондай-ақ Аида Балаева E-museum бірыңғай цифрлық кеңістігінің дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл жүйеге еліміздің барлық 20 өңірінен 284 музей қосылған.

Айта кетейік, бүгін кешке еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі «Музейлер түні» акциясы өтеді.

18 мамыр 2026 ж. 46 0